2017 жылғы 27 маусымда Астана қалалық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығында қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

 

 

 

 

Дөңгелек үстел ҮЕҰ-мен бірлескен 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отыр. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты - қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар назарын Астана қаласында АИТВ/ЖИТС-тың таралу мәселесіне аудару және тұрғындар және осал топтар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу сұрақтары бойынша ақпарттандыру деңгейі арттыру болып табылады.
Үкіметтік емес ұйымдар өздерінің  «Пациент мектебі», «Әлемді жарқырат», «Еңбек мигранттары арасында Туберкулез/АИТВ емі мен шекара аралық бақылауы» атты жобаларымен таныстырды. Дөңгелек үстелге қатысушылар 2017-2018 жылдарға арналған бірлескен жұмыс жоспары  мен АИТВ/ЖИТС-тың алдын алудағы  проблемалық мәселелерін және ықтимал шешімдерін  талқылады. Іс-шара соңында ҮЕҰ-мен 2017 жылға арналған өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Іс-шараға барлығы денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласында белсенді жұмыс атқаратын 12 үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.