2019 жылдың 14 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Назарбаев» халықаралық әуежайында ЖИТС орталығының дәрігерлері көліктегі тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдерімен бірлесіп, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орайластырылған «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» акциясын өткізді.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына дәрігерлер акцияның мақсаты, астанада АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы қысқаша баяндап, АИТВ және ЖИТС мәселелері жөнінде кеңес берді.
Іс-шараға қатысушыларға екі әдіспен: қан тапсыру және сілекей әдісімен АИТВ-ға экспресс-тестілеу ұсынылды. Сілекей экспресс-тесттері бойынша сұрақтар қойылды, барлық сұрақтарға жауаптар берілді.
Акцияға «СТВ» телеарнасының журналистері және «Казахстанская правда» ақпараттық агенттігі шақырылды.