Қазақстан Дүниежүзілік Экономикалық Форумның әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингіне қатысып, АИТВ-жұқпасы төмен таралған елдер тобына кіреді. Бүгінгі таңда Қазақстанда АИТВ-жұқпасының 15-49 жас аралығында таралу көрсеткіші 0,2%-ды құрайды, орташа әлемдік көрсеткіш – 1,6%.
Наурыз айында, елімізде Дүниежүзілік Экономикалық Форумның жыл сайынғы, АИТВ-жұқпасының бизнеске әсері бойынша бизнес-құрылым өкілдерінің сауалнамасы өтеді. Сауалнамаға қатысушылардың ішінде, шағын, орта және ірі бизнес басшылары болады. Сауалнаманың қорытындысы бойынша, Дүниежүзілік Экономикалық Форум Қазақстандағы бизнесмендердің ақпараттылық деңгейі мен АИТВ туралы білімдерін бағалайды. Бизнес басшыларының, АИТВ-жұқпасының бизнеске әсерінің жоқ екендігі туралы объективті бағасы, еліміздің бәсекеге қабілеттілік рейтингін және инвестициялық тартымдылығын арттырады.
Сауалнама жауабы жеті балдық шкала бойынша бағаланады және дұрыс жауап – «бизнеске ешқандай әсері жоқ» 6 балл.
Астана қаласының ЖИТС орталығы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында жастар көшбасшысы, блогер Ерғазы Әзімханұлы қатысуымен "Өз мәртебеңді біл" атты бейнеролик-вайн түсірді. Челленджді әлеуметтік желілерде танымал орындаушылар Гүлнұр Оразымбетова мен «ЖОҚСПИД2030» республикалық акциясының комиссары Әли Оқапов қолдады. Әлеуметтік желілерде вайн бір айда 10000-нан астам рет қаралды.
2018 жылғы 5 желтоқсанда Астана Медициналық университетінде «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес бойынша медицинадағы өзекті мәселелер» тақырыбында халықаралық өкілдердің қатысуымен студенттік ғылыми-практикалық монотематикалық XI конференция өтті.
2018 жылғы 7 желтоқсанда Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы кампания аясында «Ханшатыр» ойын-сауық орталығында қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Өз мәртебеңді біл» атты кең ауқымды акция өтті.