2019 жылдың 07 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығының мамандары Қазақ агротехникалық университетінде ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Қауымдастық маңызды» ұранымен акция өткізді.

Акция аясында қатысушылар арасында экспресс-тестілеу өткізіліп, АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша бейне материалдар көрсетілді, ақпараттық-білім материалдары таратылды. Университет студенттері концерттік бағдарламалар әзірлеп,  қауіпсіз тәртіп мәселелерін талқылауға қатысты.

Акция соңында ЖИТС орталығының мамандары викторина өткізді, ең белсенді қатысушылар естелік сыйлықтар алды.