АИТВ және бизнес
Қазақстан Дүниежүзілік Экономикалық Форумның әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингіне қатысып, АИТВ-жұқпасы төмен таралған елдер тобына кіреді. Бүгінгі таңда Қазақстанда АИТВ-жұқпасының 15-49 жас аралығында таралу көрсеткіші 0,2%-ды құрайды, орташа әлемдік көрсеткіш – 1,6%.
Наурыз айында, елімізде Дүниежүзілік Экономикалық Форумның жыл сайынғы, АИТВ-жұқпасының бизнеске әсері бойынша бизнес-құрылым өкілдерінің сауалнамасы өтеді. Сауалнамаға қатысушылардың ішінде, шағын, орта және ірі бизнес басшылары болады. Сауалнаманың қорытындысы бойынша, Дүниежүзілік Экономикалық Форум Қазақстандағы бизнесмендердің ақпараттылық деңгейі мен АИТВ туралы білімдерін бағалайды. Бизнес басшыларының, АИТВ-жұқпасының бизнеске әсерінің жоқ екендігі туралы объективті бағасы, еліміздің бәсекеге қабілеттілік рейтингін және инвестициялық тартымдылығын арттырады.
Сауалнама жауабы жеті балдық шкала бойынша бағаланады және дұрыс жауап – «бизнеске ешқандай әсері жоқ» 6 балл.
«Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында акция өтті
2018 жылғы 26 маусымда «Хан Шатыр» СОСО Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай акция өтті. Акция Астана қаласының ІІД ұйымдастырылып, ЖИТС орталығы, СӨСҚ орталығы, Наркология және психотерапия орталығы мамандарының қатысуымен өткізілді.
«Жастар Сарайында» тұрғындарға арнап акция өтті
2018 жылғы 26 маусымда Астана қ. ЖИТС орталығының мамандары Халықаралық наркомания және наркобизнеске қарсы күрес күніне арналған қалалық акцияға қатысты. Акция «Жастар Сарайының» ұйымдастыруымен өткізілді.
Астана қ. ЖИТС орталығында дөңгелек үстел отырысы болып өтті
2018 жылдың 25 маусымында Дерматология және жыныстық жолмен берілетін аурулар орталығы, Наркология және психотерапия орталығы, Гепатология орталығы, Астана қаласының ЖИТС орталығы және «Жизнь вопреки» қоғамдық қоры арасында қол қойылған Меморандум аясында дөңгелек үстел отырысы болып өтті.
Астана қаласының шағын бизнес құрылымдарында дәрістер жалғасуда.
ЖИТС орталығының мамандары «АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсері» және «МӘМС жүйесінің енгізілуі» тақырыбы аясында шағын бизнес құрылымдарының басшылары мен қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру бойынша алдын алу жұмыстарын жалғастыруда. Орталық базар, «Дипломат», «Отель Кинг», «Комфорт», «Данияр», «Astana Central», «Гранд Парк Есиль», «Red Village»,«Марриот», «Hilton», «Royal park» қонақ үйлерінде дәрістер өткізілді.