2018 жылы 11 мамырда Халықаралық ЖИТС құрбандарын еске алу күніне орай, «Ұмытпаймыз, білеміз, жеңеміз!» республикалық акцияның аясында, Астана қаласының «Әлем» сауда орталығындағы «Технодом» тұрмыстық техника супермаркетінің әкімшілігіне және жұмысшыларына ЖИТС орталығының мамандары дәріс өткізді.
Іс-шара барысында ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Д.Бексултанова «АИТВ-инфекциясының берілу жолдары» тақырыбында баяндама жасап, сондай-ақ, елімізде АИТВ-инфекциясының таралу деңгейі төмен екенін және ол ел экономикасына және бизнеске еш әсер етпейтінін атап өтті.
Дәріс соңында сауалнама жүргізіліп, инфографика, үнпарақтар, кітапшалар таратылды. Іс-шарамен 32 адам қамтылды.