2018 жылдың 14-15 мамырында ЖИТС Орталығының мамандарымен «Бизнеске АИТВ-ның әсері. Астана қаласындағы АИТВ/ЖИТС-тың эпидемиологиялық жағдайы және АИТВ-инфекциясын таратылу жолдары» атты тақырыбында «Встреча», «Жібек жолы», «Ырысты» сауда орталықтарының әкімшілігі мен қызметкерлері үшін лекциялар ұйымдастырылды.
Сауда үйлерінің қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясын таратылуы бойынша қызықты фактілер ұсынылды. АИТВ-инфекциясын таратылу жолдары мен алдын алу шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ, Бүкіләлемдік экономикалық форумымен (БЭФ) жыл сайын АИТВ-ның бизнеске әсері бойынша бизнес-құрылымдар өкілдер арасында сұрау жүргізілетіні олардың мәліметіне жеткізілді. Сұрау қорытындысы бойынша, БЭФ бизнесмендердің АИТВ туралы ақпараттандырылуы деңгейін бағалайды. Барлық тыңдаушыларға ақпараттық – танымалдық материалдар (брошюралар, парақтар), сонымен бірге, жеке қорғаныс құралдары (презервативтер) таратылды. Жалпы, лекциямен 70 адам қамтылды.