2018 жылы 22 мамырда ведомствоаралық өзара әрекеттесу щеңберінде,ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Астана қаласының Ішкі істер департаментімен жиналыс өтті.
Жиналысқа ЖИТС орталығының қызметкерлері, Астана қаласының Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының, Көші-қон полиция басқармасының, Жергілікті полиция қызметінің, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының, «Жария» Халықаралық орталығы» ҚҚ-ның өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында, қаралған мәселелердің ішінде, халықтың осал топтарындағы (ХОТ) – инъекциялық есірткі тұтынатындар (ИЕТ) мен коммерциялық секс қызметкерлері (СҚ) арасында АИТВ жұқпасының жаңа жағдайларының ұлғаюына байланысты, сондай-ақ, АИТВ жұқтырған тұлғаларды іздеу бойынша мәселелер талқыланды.
Жиналыстың қатысушылары емделуден бас тартатын АИТВ позитивті ИЕТ пен СҚ-ды бақылау мәселесіне ерекше назарларын аударды.
Жиналысты қорытындылай келе, тараптар бірлескен жұмыс бойынша іс-әрекетті одан әрі нығайту және туындаған проблемалық мәселелерді шешу мақсатында оперативті жұмыс тобын құру туралы келісті.