АИТВ-мен өмір сүру
Бұл бет АИТВ/ЖИТС мәселесіне тап болған – АИТВ-мен өмір сүретіндерге, олардың туыстары мен жақындарына арналған. Әлемде миллиондаған адамдар АИТВ-мен өмір сүреді және олар өмірінің ұзақ және сапалы болуына тырысады. Осы бөлімде үнемі дәрігердің қарауында болу қажеттілігі туралы, АИТВ жұқпасын емдеу, клиникасы жөнінде ақпарат беруге тырыстық. Әрине, біздің сайттың шеңберінде барлық ақпаратпен қамтамасыз етілу мүмкін емес, сондықтан өздеріңіздің дәрігерлеріңізден жан-жақты ақпаратқа қол жеткізу құқықтарыңызды пайдалана аласыздар. Осы беттегі материал денсаулығыңызды сақтауға, дағдарысты жеңуге, жақындарыңыздың денсаулығы туралы қамқор болуға септігін тигізеді деп үміттенеміз.
АИТВ жұқпасы диагнозынан кейін жабыраңқы адамдардың көбіне диагнозды білгеннен кейін оны ой елегінен өткізіп, түсінуі, АИТВ-мен өмір сүру деген не екенін білуі үшін уақыт қажет. Болашақ бұлыңғұр сияқты ондаған сұрақтар туындайды. Әрине, өмір бұрынғыдай болмайды, алдыңғы жоспарлардан ерекшеленеді, бірақ АИТВ-мен өмір ұзақ және толық қанды, тиімді болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Бәрі де өздеріңіздің қолдарыңызда!
АИТВ/ЖИТС клиникасы
АИТВ жұқпасы - адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) нервтік тіндерінің лимфоциттарында, макрофагаларында және жасушаларында көп жылдық айналымы нәтижесінде дамитын, иммундық жүйенің баяу дамитын ақаулықтырын сипаттайтын, ауруды жүре пайда болған иммун тапшылығының синдромы (ЖИТС) деп жазылған екінші жеңіліске ұшыратудан өлімге апаратын инфекциялық ауру.
АИТВ жұқпасын және ЖИТС-ты емдеу
Заманауи медицина АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға ұзақ өмір сүруге мүмкіндік береді – ғылымның жетістігі «АИТВ жұқпасының» өлімге апаратын ауру болуын тоқтатып, созылмалы аурулардың қатарына өтуіне мүмкіндік жасады. АИТВ/ЖИТС-ты емдеу кешенді мақсатты яғни ағзадағы вирустар санын азайтуды, вирустың көбеюін тоқтатуды, иммундық қызметті сақтау мен қалпына келтіруді және иммун тапшылығының салдарынан туындаған оппортунистік инфекциялардан сақтап қалуды немесе емдеуді көздейді.