IMG 20190926 WA0003

2019 жылдың 26 қыркүйекте «Сенің денсаулығың сенің қолыңда» акциясы аясында «Ұлжан» базарында Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығының мамандары, Сарыарқа ауданының тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау және сапасы басқармасы және ШЖҚ РМК «Ұлттық сараптама орталығының» Нұр-Сұлтан қалалық филиалының мамандарымен бірлесіп базар қызметкерлері мен сатып алушыларына акция өткізді.

IMG 20190926 WA0011

Акцияның мақсаты халықтың АИТВ және ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыруға және МӘМС енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына бағытталған. Іс-шараға қатысушылардың АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтуге және мамандардың кеңесін алуға мүмкіндігі болды. Барлығына ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.