Ақылы қызметтер

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады.
Ақылы қызметтер мынадай жағдайларда көрсетіледі:
• пациенттердің бастамасы бойынша бастапқы медициналық-санитариялық көмекті, диагностикалық және емдік қызметтерді, оның ішінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының жолдамасынсыз көрсетіледі;
• дәрілік формулярға енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу;
• тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізу;
• жұмысқа кіру және оқуға түсу үшін азаматтарға медициналық тексеру жүргізу;
• ұйыммен, оның ішінде ерікті сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету.

Қызмет атауы

Өлшем бірлігі

Бағасы (теңге)
АИТВ-инфекциясын зертханалық диагностикалау (скрининг)*  
1 Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын, азаматтығы жоқ адамдарға, заңды тұлғаларға ИФТ әдісі мен қандағы АИТВ антиденені және вирустық антигенді зерттеу 1 зерттеу 2000 тг
В, С вирустық гепатиттерін зертханалық диагностикалау (скрининг)
2 В гепатитінің беткі антигеніне (НВsAg) ИФТ әдісімен қанды зерттеу 1 зерттеу 1100 тг
3 С гепатитінің антиденесіне (anti-HCV) ИФТ әдісімен қанды зерттеу 1 зерттеу 1400 тг
В вирустық гепатитті кеңейтілген диагностикалау
4 В вирустық гепатиттің (a-HВcor IgМ) өзекті антигеніне М класының антиденесіне ИФТ әдісімен қанды зерттеу 1 зерттеу 1360 тг
5 В вирустық гепатиттің өзекті антигеніне жиынтықтық антиденесіне (а-НВсог total) ИФТ әдісімен қанды зерттеу 1 зерттеу 1360 тг
6 В вирустық гепатиттің НBе-антигеніне (HBeAg) ИФТ әдісімен қанды зерттеу 1 зерттеу 1360 тг
7 В вирустық гепатиттің(a-Hbe lgG) антиденесіне ИФТ әдісімен қанды зерттеу 1 зерттеу 1450 тг
8 В вирустық гепатиттің НВsAg(a-HBs) антиденесіне ИФТ әдісімен қанды зерттеу 1 зерттеу 1570 тг
9 вирустық гепатиттің (a-HDV total) антиденесіне  ИФТ әдісімен қанды зерттеу 1 зерттеу 1460 тг
                                 Мерездің зертханалық диагностикасы
10 ИФТ әдісімен мерезге жиынтық антиденелерді анықтау 1 зерттеу 1060 тг
АИТВ емдеу тиімділігінің зертханалық көрсеткіштері**
11 Нақты уақыт тәртібіндегі (вирустық жүктеме) ПТР әдісімен плазмадағы АИТВ1 вирустық көшірмелерді сандық анықтау (вирустық жүктеме) 1 зерттеу 50200 тг
12 Ағынды цитометрия әдісімен плазмадағы Т-лимфоциттердің СД4 жасушаларын есептеу 1 зерттеу 9760 тг
13 Ағынды цитометрия әдісімен Т-лимфоциттердің (%CD4) абсолюттік және пайыздық құрамын анықтау 1 зерттеу 860 тг
14 Резидент еместерге психо-әлеуметтік кеңес беру (10 мин) 1 қызмет 510 тг
Медициналық манипуляциялар
15 Қан алу 1 қызмет 540 тг
* Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Респубикасының аумағында тұрақты тұрмайтын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар үшін - тегін.
** АИТВ инфекциясы бар Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын, азаматтығы жоқ адамдар үшін - ақылы.



                     Талдауға дайындау
• Пациентті қанды талдауға тапсыруға дайындау
• Тапсыру уақыты: қан алу кестесіне сәйкес жұқпалы ауруларға (АИТВ, гепатиттер, мерез)
• Иммундық мәртебеге, биохимияға, қанның клиникалық талдауы - таңертең, 8-ден 10-ға дейін. Таңертең аш қарынға, басқа уақытта соңғы ас қабылдау мен қан алу арасында кемінде төрт сағат өтуі тиіс, холестерин – 12 сағаттық ашығу.
• Талдауды тапсыру күні эмоционалды тыныштық қажет
• Тексеруге дейін кемінде 3 күн бұрын ауыр дене күшін түсірмеген абзал (оның ішінде спорттық жаттығулар)
• Жолдамаға жазу үшін қан тапсыру кезінде қандай да болмасын дәрілік затты қабылдағандығы туралы хабарлау қажет
• Алкогольдік ішімдіктерді – кем дегенде 2 күн бұрын ішпеген жөн
• Шылым шегу – зерттеуге дейін ең болмағанда 1 сағат ішінде темекі шекпеген жөн
• Қанды талдауға дәрілік заттарды қабылдағанға дейін (мысалы, антибиотиктер мен химиотерапиялық препараттар) немесе олардың күші жойылғаннан кейін 10-14 күннен соң тапсырады
• Физиотерапевтік процедуралар, аспаптық зерттеу және басқа да медициналық процедуралардан кейін қан тапсыруға болмайды
• Зертханалық көрсеткіштерді бақылау кезінде бірдей жағдайларда қайталама зерттеулер жүргізу ұсынылады: бір зертханада, тәуліктің бір уақытында, бірдей дене қалпында жатып тапсыру қажет
01

Тексеру үшін тамырдан қан алу
02
Қан алуға арналған жабық жүйелер мен тығыздама-вакутейнерлер
03
Қан сынамасы
Зәр-жыныс жолынан жұғынды/қырынды алу үшін пациенттерді дайындау
• Талдау алдында 1-2 күн бұрын жыныстық қатынасқа түспеу.
• Әйел адамдар талдау алдында 7 күн бойында тампондарды, шариктерді, майларды, қынаптық - емдеу, сондай-ақ жүктілікке қарсы (қынаптық) таблеткаларды қолданудан бас тартуы қажет.
• Еттеккір циклі кезеңінде тексеруден өтуге болмайды.
• Талдауды антибиотиктерді және есірткелік препараттарды қабылдау кезеңінде тапсыруға болмайды (үзіліс кемінде 14 күнді құрауы тиіс).
• Кольпоскопиялық тексеруді жүргізгеннен кейін тексеруден өтуге болмайды.
• Жұғында алғанға дейін таңертең жуынуға және шашыратып себілуге (спринцевание) болмайды.
• Жоғарыда аталған нұсқамаларды толықтай орындаған жағдайда ғана нақты нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Біз сіздің сеніміңізді және өз беделімізді бағалаймыз!