Мемлекеттік қызметті алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдар және Астана қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1)көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде – 3 (үш) жұмыс күні; зерттеп-қараудың оң нәтижесінде – 20 (жиырма) жұмыс күні;
2)құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің теріс нәтижелерін растайтын анықтама-сертификат. Анықтама-сертификат берілген сәтінен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды болады.
Зерттеп-қарау нәтижесі теріс болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының қолына беріледі.
Бастапқы оң нәтижені алу кезінде көрсетілген қызметті беруші АИТВ-ға антиденелердің болуына қайта тестілеу үшін қан алуды қамтамасыз етеді.
Зерттеп-қарау нәтижесі нақты оң болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының өзінің қолына жазбаша хабарлама түрінде беріледі.
Кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті беруші олардың ата-аналарына немесе өзге заңды өкілдеріне береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға жеке тұлғаларға (Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға) тегін, жеке тұлғаларға (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға) ақылы көрсетіледі.
Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу мен жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті медициналық зерттеп-қарау қызметін алу кезінде – жеке басын куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлік).
АИТВ инфекциясының бар-жоғына жасырын түрде медициналық зерттеп-қарау қызметін алу кезінде құжаттар талап етілмейді, тұтынушыға дербес код беріледі.