ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметі адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (ЖИТС) алдын алуды ұйымдастыруға, диагностикалауға және емдеуге бағытталған.
Кәсіпорынның құрылтайшысы және оған қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің қызметін жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган - Астана қаласының әкімдігі болып табылады.
Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес АИТВ-инфекциясын алдын алу іс- шаралары келесі жолдармен іске асады:
- халықтың түрлі топтарына арналған нысаналы профилактикалық және білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
- халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы АИТВ инфекциясы бойынша эпидемия жағдайы туралы және профилактика шаралары туралы хабардар ету;
- халықтың түрлі топтары үшін ақпараттық материалдар әзірлеу және тарату;
- АИТВ инфекциясының жыныстық қатынас және қан арқылы жұғуынан қорғау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;
- сенім, жасырын тестілеу, психологиялық, заңдық және медициналық консультациялар беру пункттерін құру;
- тері қабаттары бүтіндігінің бұзылуына байланысты халыққа қызметтер көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

 structura kz