Сіздің денсаулық жағдайыңызға дәрігер ғана жуапты емес, өзіңіз де тең дәрежеде жауапты  екеніңізді есіңізде сақтаған жөн. Дәрігерге келуді ескеріп, қабылдау белгіленген күні келіп, ұсыныстарды орындап жүріңіз. Ал кез келген сұрақтар туындаған жағдайда, дәрігермен бірге талқылаңыз. 
Әдетте АИТВ-мен өмір сүретін адам айына 3-6 рет анализ тапсырады. Денсаулық жағдайы қиындаған жағдайда, дәрігер қысқа мерзімнен соң қайтадан анализ тапсыруды тағайындайды. АИТВ жұқпасы кезінде адамға түрлі анализдер тағайындалады. Бірақ «ең маңызды» екі анализ бар: иммундық статус (CD4 клеткаларды анықтау) және вирустық жүктеме. 
CD4 клеткаларды анықтау 
Ересек адамдағы иммундық статус нормамен 500-1500 клетка/мл. Жайсыз факторлардың, соның ішінде АИТВ жұқпасының  әсерінен иммундық статус төмендейді.  Егер CD4 саны 200- 500 клетка/мл болса, онда бұл иммундық жүйе жұмысының  төмендегені. Иммундық статус кезінде 200 клетка/мл-ден төмен болса, адамда ауыр және қатерлі оппортунистік инфекциялар дамуы мүмкін. Сондықтан адамның иммундық статусы 350 клетка/мл төмен болса немесе тез төмендеп кетсе, онда оған ретровирусқа қарсы терапия қажет болады. Адамдағы иммундық статус үнемі өзгеріп отырады. CD4-тің абсолюттік саны күйзелістің, шаршаудың, аурудың, етеккірдің, жүктіліктің немес ауа-райының өзгерінен төмендеуі мүмкін. Осылайша бұдан былай иммундық статус қайтадан көтеріледі. Сондықтан иммундық статусыңыз  бұрынғыдан қарағанда төмен болса, үрейленудің қажеті жоқ. Бұл АИТВ-ға қатысы жоқ, уақытша өзгерістер болуы мүмкін. Дәрігер уақыт ағамы бойынша иммундық статустың қалай өзгеретінін бақылайды: АИТВ жұқпасы әсер ететінін тек қана қозғалыс кезінде ғана анықтауға болады. Сондықтан иммундық статусқа үнемі анализ тапсырған жөн, ал егер сіз жақында ауырып немесе қандай да бір инфекция болған болса, иммундық статусқа қан тапсыруды кейінге қалдырған жөн. 
Вирустық жүктеме 
Бұл анализді қандағы вирустық бөліктердің санымен (вирус көшірмелері) анықталады және көшірмелер/мл санымен өлшенеді. Қандағы вирустардың көшірмесі көп болған сайын соғұрлым CD клеткалардың көп мөлшері вирусқа енеді де иммундық статус жылдамырақ төмендейді. Вирустық жүктемеге тестте «төменгі табалдырық» бар,  яғни қандағы вирус санын тест-жүйе «көре» аламайды. Егер қандағы вирустың саны тест-жүйеде анықталған деңгейден төмен болса, онда бұндай вирустық жүктеме анықталмаған болады. Бұл қанда вирус мүлдем жоқ дегенді білдірмейді, тек  ол өте аз. Әдетте анықталмаған вирустық жүктеме  400-500 көшірме/мл-ден аз болып табылады. Анықталмаған вирустық жүктеме 10000 көшірме/мл-ге дейін болса, шамалы, 10000 ден 50000 көшірме/мл-ге дейін - орташа,  50000 -ден 100000 көшірме/мл-ге дейін — жоғары, 100000 –нан жоғары болса – өте жоғары болады. АИТВ жұқпасының алға басуы вирустық жүктеменің үнемі өсуін немесе 3 есеге күрт жоғарлағанын көрсетеді. Нәтижесінде вакцинация немесе вирустық жүктеме ауруы артуы, содан кейін қайтадан төмендеуі мүмкін. 
Сондықтан егер деніңіз сау болса, тым жоғары нәтиже болмас үшін, вирустық жүктемеге анализ тапсыру ұсынылады.  Егер сіздің қаныңызда вирустық жүктеме жоғары болса, сондай-ақ сіздің ұрық сұйықтығында немесе жатыр сұйықтығында вирустың мөлшері көп болуы мүмкін. Вирустық жүктеме жоғары болған сайын АИТВ-ның берілу қауіптілігі жоғары болады. 
Анализді қалай дұрыс тапсыруға болады 
Иммундық статус пен вирустық жүктемеге  тапсырылатын  тест нәтижелеріне тамақ  аса қатты әсер етпесе де, бұндай анализдерге қанды аш қарынға тапсыру ұсынылады. Бұндай анализдерді вирустық инфекция бар болған кезде тапсыру ұсынылмайды, күте тұрған дұрыс. Сондай-ақ бұндай анализдерді етеккір кезінді тапсыру ұсынылмайды. 
Жалпы қан талдауы 
Зерттеу таңертең ашқарынға жүргізіледі. Қанды физикалық жүктемелерден кейін, дәрі-дәрімек қабылдаған соң, әсіресе бұлшық ет немесе тамырға дәрі жібергеннен кейін қан тапсыру ұсынылмайды. Рентген сәулелерінен кейін, физиотерапиялық рәсімдерден кейін қан тапсыруға болмайды. 
Биохимиялық қан талдауы 
Анализге қан тапсыратын күні толықтай тамақтан бас тарту міндетті талап болып саналады (кешке жеңіл тамақ ұсынылады ). Қарқынды физикалық жұмыс қарсы көрсеткіш, күйзеліс тудыратын жағдайлардан аулақ болған жөн. Биохимиялық көрсеткіштерге түрлі дәрілік заттардың әсері, ағзаның жағдайы  әр алуан болғандықтан, зерттелуге қан тапсырар алдында дәрілік заттардан бас тарту ұсынылады.  Егер дәріні тоқтату мүмкін болмаса, емдеуші дәрігеріңізге  терапевтік мақсатта қандай дәрілік заттар қабылдағаныңыз туралы айтуыңыз қажет; бұл зертханалық зерттеу нәтижелерін шартты түзетуге мүмкіндік береді. 
Дұрыс тамақтану 
АИТВ-мен өмір сүретін балаларға толыққанды тамақтану  өте маңызды. Сізге арнайы диета қажет емес -  әдеттегі барлық өмірге қажетті  тамақтану жеткілікті. АИТВ кезінде тамақты тойып ішпеу өте зиянды болуы мүмкін, сондықтан түрлі ашығулар мен төмен калориялы диеталар АИТВ жұқтырғандарға келмейді. АИТВ жұқпасы кезінде тамақ рационында мүмкіндігінше ақуыздар көп болғаны дұрыс (ет, құс еті, балық, бұршақ, жаңғақ, сүт өнімдері), сондай-ақ дәрумендер мен минералды заттар (әсіресе жеміс-жидектер мен көкөністер). 
Физикалық жаттығулар 
Физкультура және спорт  сіздің денсаулығыңызды тұтастай нығайтуға және жалпы көңіл-күйіңізді жақсартуға көмектеседі. Бұдан басқа,  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға маңызды болып саналатын  үнемі жаттығулар күйзеліс пен қорқыныштан арылтуға көмектесіп, өзіңе деген сенімділікті арттырады. Керісінше шамадан тыс спортпен айналысу иммундық жүйеге зиян болуы да мүмкін. Жаттығудан соң сіз өзіңізді шаршаңқы және жабыраңқы емес күшті сезінуіңіз керек, ал егер олай болмаса, онда сізге жаттығу қарқынын азайту қажет. 
Зиянды әдеттер 
Ішімдік және темекі шегу сияқты зиянды әдеттер АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды жиі толғандырады. Темекі шегу АИТВ статусқа және оның АИТВ жұқпасының ағымына қалай әсер етуіне қарамастан өз алдына денсаулық үшін өте зиян. Егер сіз темекі шегуді тастауға  шешім қабылдасаңыз, артық күйзеліссіз істеген дұрыс, мүмкін мамандардың кеңесі немесе жақын адамдарыңыздың қолдауы көмектесер. 
Орташа дозадағы ішімдік зиян келтірмейді, бірақ бұл созылмалы В және С гепатитпен ауыратын адамдарға қатысы жоқ. Ішімдікті шамадан тыс пайдалану денсаулыққа кері әсерін тигізіп, иммун тапшылығының дамуына ықпал етіп, сондай-ақ дәрі-дәрімектерді кесте бойынша қабылдауға кедергі болуы мүкін. 
Қауіпсіз  секс
Көптеген жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ), АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қауіпті, яғни емделуге немесе вирустың көбеюіне теріс ықпалын тигізуі мүмкін. Мыcалы, иммундық статустың төмендеуі кезінде сифилистің берілу және тез даму қауіпі жоғары. Бұдан басқа, тіпті АИТВ-ға оң нәтижелі екеудің арасындағы жыныстық қатынас барысында АИТВ-ның берілу қауіпі бар. Ықтимал реинфекция бар – жаңа, неғұрлым агрессивті вирус түрін жұқтыру. Реинфекцияның салдарынан ауру тез дами бастайды деген пікір бар.