Әлемдегі АИТВ
ЮНЭЙДС деректері бойынша:
2014 жылға жаһандық статистика

• 15 миллион адам антиретровирустық терапияға қол жеткізді (наурыз, 2015 ж.)
• Бүкіл әлемде 36,9 [34,3–41,4] миллион адам АИТВ-мен өмір сүреді
• Жылына АИТВ жұқтырған адамдардың саны 2 [1,9-2,2] миллион
• 1,2 [980 000-1,6 миллион] адам ЖИТС-пен байланысты сырқаттардан қайтыс болған
АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, антиретровирустық терапияға қол жеткізе алады
• 2015 жылғы наурыз айындағы жағдай бойынша АИТВ-мен өмір сүретін 15 миллион адам антиретровирустық терапияға қол жеткізе алды – 2014 жылғы маусым айында олардың саны 13,6 миллион еді
• АИТВ-мен өмір сүретін ересек адамдардың 41% [38%-46%] 2014 жылы антиретровирустық терапияны қолданып емге қол жеткізді – 2010 жылы бұл көрсеткіш 23% [21%-24%] құрады.
• АИТВ-мен өмір сүретін барлық балалардың 32% [30%-34%] 2014 жылы антиретровирустық терапияны қолданып емге қол жеткізді – 2010 жылы бұл көрсеткіш 14% [13%-15%] құрады.
• АИТВ-мен өмір сүретін барлық жүкті әйелдердің 73% [68%-79%] 2014 жылы АИТВ-ның сәбилерге берілуінің алдын алу үшін антиретровирустық препараттарға қол жеткізді; 2000-2014 жылдар аралығында балалар арасындағы АИТВ-инфекциясының жаңа түрлері 58% төмендеді.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдар
• 2014 жылы АИТВ-мен өмір сүретін адамдар саны 36,9 [34,3-41,4] миллионды құрады
• 2000 жылдан бастап шамамен 38,1 миллион адам АИТВ-ны жұқтырса, 25,3 миллион адам ЖИТС-пен байланысты сырқаттардан көз жұмды.

Жаңа АИТВ-инфекциялары
• 2000 жылдан бастап АИТВ-инфекцияларының жаңа түрлерінің мөлшері 35%-ға төмендеді.
• 2014 жылы АИТВ жұқтырған әлемдегі барлық адамдардың саны 2 [1,9-2,2] миллион адамды құрады – 2000 жылы бұл көрсеткіш 3,1 [3,0–3,3] миллионды құраған болатын.
• 2000 жылдан бастап балалар арасындағы АИТВ-инфекцияларының жаңа түрлері 58%-ға төмендеді.
• 2014 жылы АИТВ жұқтырған әлемдегі барлық балалардың саны 220 000 [190 000–260 000] болды – 2000 жылы бұл көрсеткіш 520 000 [470 000–580 000] құрады.

ЖИТС-пен байланысты өлім саны
• 2004 жылғы үдемелі өсім көрсеткішімен салыстырғанда ЖИТС-пен байланысты өлім-жітім саны 42%-ға төмендеді.
• 2014 жылы дүние жүзі бойынша ЖИТС-пен байланысты сырқаттардан қайтыс болған адамдар саны 1,2 [980 000-1,6 миллион] адамды құрады – салыстыру үшін 2005 жылы осы көрсеткіш 2 [1,7-2,7] миллионды құраған болатын.