IMG 7702
2018 жылдың 17 қазанында елорда оқушылары мен студенттеріне арнап, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Драма театрында нашақорлық және АИТВ-ны жұқтыру тақырыбын қозғайтын «Көлеңкесіз жолаушы» атты қойылымы өтті.

Психологиялық драма көрсетілімі алдында ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Айтмағанбетқызы сөз сөйледі. Ол Астана қаласы бойынша АИТВ/ЖИТС-тың эпидемиологиялық жағдайы мен алдын алу шараларымен таныстырды.

Қойылымның идеясы мен мәні - театрлық әрекеттің көмегімен денсаулықты қорғау бойынша қажетті білім беру және ішімдік және есірткі сияқты жаман әдеттер салдарының соңы неге апаратынын есте сақтауға және салауатты өмір сүру салтын ұстануға шақырады.Іс-шарамен 180 адам қамтылды.
Барлық қатысушыларға ақпарат құралдары таратылды.

IMG 7704